Сұлтанов Астананы дамытудың жаңа үлгісін құруға тапсырма берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сұлтанов Астананы дамытудың жаңа үлгісін құруға тапсырма берді

Сұлтанов Астананы дамытудың жаңа үлгісін құруға тапсырма берді

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қаланы дамытудың жаңа үлгісін құруға тапсырма берді.

  • 17 Қыркүйек 2018
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, қаланы дамытудың жаңа үлгісін енгізу және инновацияларды ілгерілету, креативті адамдар санын көбейту үшін қолайлы орта құру 2050 жылға дейін қаланы дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеуді талап етеді. Еске сала кетейік, жаңа стратегияны құру жөніндегі тапсырманы Мемлекет басшысы осы жылдың 11 қыркүйегінде берген болатын.

'Мемлекет басшысы біздің алдымызға жақын арада орындалуы тиіс бірқатар басым міндеттерді қойып отыр", — деп мәлімдеді Бақыт Сұлтанов.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, Сұлтанов қаладағы қазіргі ахуалға кешенді түрде талдау өткізіп, стратегиялық мақсатты анықтауды, болашақтың қандай болатынын болжауды тапсырды: яғни өмір сапасын арттыру, қалалық ортаның үйлесімділігі, тұрақты экономикалық өсім, ресурстарды тиімді пайдалану және тағы басқасы.

"Осыған байланысты іскер туризм саласында алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдармен халықаралық әріптестікті нығайтуды тапсырамын. Туризм саласында қызмет көрсету сервисінің сапасын халықаралық стандарттарға көтеру өте маңызды", — деді әкім.


Cондай-ақ, Сұлтановтың осы жылы жоспарланған жалпы алаңы 2,3 миллион шаршы метрден кем емес тұрғын үйлерді пайдалануға беруді тапсырғаны айтылады (Жыл басынан бері 1699,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді).

"Әкімдіктің жұмысы Мемлекет басшысы атап өткен бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруға бағытталуы керек. Осы міндеттерді атқару жаңа жұмыс орындарын ашуға және қаланың ары қарай экономикасын дамытуға әсер етеді", — деп тоқталды Сұлтанов.

Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болып тағайындалған еді.
 

Соңғы жаңалықтар