«Кадр бойынша жеке тоқталып өтсем. Педагогикалық ЖОО-лар бүгінде танымалдылыққа ие емес екені жасырын емес. Мұғалімнің жұмысы қиын, әрі жалақысы аз. Сол себепті мұғалімдердің жалақысы мен мәртебесін жүйелі түрде көтеру шешімі қабылданды», — деді қала басшысы.
Сұлтанов МЖӘ механизмі арқылы жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу арқасында қаржыны босату және оны мұғалімдердің жалақысына бағыттау мүмкіндігі пайда болатынын айтты. Бұл сондай-ақ, білім беру саласына жеке бизнес пен жеке мектептерді тартуға мүмкіндік береді.
«Балалар қауіпсіздігі маңызды міндет болып отыр. Жыл соңына дейін білім беру мекемелерін 100% бақылау камераларымен қамтамасыз етеміз», — деді әкім.
Еске сала кетсек, бүгін Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов халық алдында есеп беру кездесуін өткізіп, 2018 жылы атқарылған шаралар мен 2019 жылға арналған жоспарларымен бөліскен болатын.