Сұлтанов мұғалімдер жалақысы қалай көтерілетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сұлтанов мұғалімдер жалақысы қалай көтерілетінін айтты

Сұлтанов мұғалімдер жалақысы қалай көтерілетінін айтты

Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов мұғалімдер жалақысы мен мәртебесін жүйелі түрде арттыру шешімі қабылданғанын мәлімдеді.

  • 20 Ақпан 2019
  • 54
Фото - Caravan.kz


«Кадр бойынша жеке тоқталып өтсем. Педагогикалық ЖОО-лар бүгінде танымалдылыққа ие емес екені жасырын емес. Мұғалімнің жұмысы қиын, әрі жалақысы аз. Сол себепті мұғалімдердің жалақысы мен мәртебесін жүйелі түрде көтеру шешімі қабылданды», — деді қала басшысы.

Сұлтанов МЖӘ механизмі арқылы жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу арқасында қаржыны босату және оны мұғалімдердің жалақысына бағыттау  мүмкіндігі пайда болатынын айтты. Бұл сондай-ақ, білім беру саласына жеке бизнес пен жеке мектептерді тартуға мүмкіндік береді. 

«Балалар қауіпсіздігі маңызды міндет болып отыр. Жыл соңына дейін білім беру мекемелерін 100% бақылау камераларымен қамтамасыз етеміз», — деді әкім.

Еске сала кетсек, бүгін Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов халық алдында есеп беру кездесуін өткізіп, 2018 жылы атқарылған шаралар мен 2019 жылға арналған жоспарларымен бөліскен болатын.

Соңғы жаңалықтар