Бұл туралы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Тараздың солтүстік-шығысындағы жасанды су қоймасындағы қазан шұңқырда 21 жастағы жергілікті тұрғын суға шомылып жүріп, мерт болды», — деп мәлім етті ТЖД баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов.
Оның айтуынша, бір тәулік өткен соң суда іздестіру шараларының нәтижесінде Жамбыл облысы ТЖД «Суда құтқару қызметі» ММ апатты-құтқару бөлімінің сүңгуірлері суға батып кеткен адамның денесін тапқан.