Сұрапыл дауыл Қостанай ауылын 15 минутта жайпап кете жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сұрапыл дауыл Қостанай ауылын 15 минутта жайпап кете жаздады

Сұрапыл дауыл Қостанай ауылын 15 минутта жайпап кете жаздады

Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарамырза ауылындағы дауылды жел мен найзағайлы нөсер жауын ауылға аса ірі зақым келтірді.

  • 2 Қыркүйек 2016
  • 574
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдай орнында болған «Костанайские новости» жергілікті басылым тілшілерінің хабарлауынша, табиғи құбылыс бірнеше ғимаратқа зақым келтірген, бірнеше нысанның шатырын жұлып әкеткен, 24 метрлік телемұнараны құлатып, арпа мен бидай егілген 2 мың гектар егістік даласын жайпады. Сонымен бірге, ондаған электр желілері мен 800 метр сымға зардап тиген.

Басылым «Рамазан-Қарасу» ЖШС машина-тракторлық шеберханасының күзетшісі Александр Волковтың сөздерін келтірген: «Ақырзаман келді ме деп ойладым, бұрын-соңды мұндай алапатты көрмедім. Ғимараттан бірнеше метр қашықтықта болсам да, әрең жеттім. Сырттан гүрсілдеген, тарсылдаған дыбыстар естілді. Бәрі кенеттен басталып, кенеттен аяқталды. 15 минуттан кейін далаға шығып, таң қалдым».

Дегенмен, ТЖ мамандары болған жайды төтенше жағдай деп атауға келмейтінін айтуда. Синоптиктердің айтуынша, табиғаттың бұл құбылысы — суық ауа массаларының жылжуының нәтижесінде болған. Қарамырза ауылында болған желдің күшін анықтау мүмкін емес, себебі онда метерологиялық станция жоқ.

Табиғаттан келген шығындарды ауыл тұрғындарына жергілікті биліктің өтеуі әлі белгісіз. Дегенмен, зардап шеккен орындарды қалпына келтіру жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр.