Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына қола медаль түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына қола медаль түсті

Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына қола медаль түсті

[wpcode id="1694287"] Қазақстандық карате шебері Түркияда өтіп жатқан сурдлимпиадалық ойындарда қола медальді жеңіп алды, деп хабарлады

  • 26 Шiлде 2017
  • 422
Фото - Caravan.kz


Қазақстандық карате шебері Түркияда өтіп жатқан сурдлимпиадалық ойындарда қола медальді жеңіп алды, деп хабарлады 24.кз.

61 келіге дейін салмақта өнер көрсететін спортшы 1/4 финалда РФ спортшысына есе жіберіп, кейін 3-орын үшін болған кездесуде Грекияның спортшысынан басым түсті. Айта кетейік, 18 шілдеде Түркияның Самсун қаласында XXIII Сурдлимпиядалық ойындары басталған болатын. Төртжылдықтың басты жарысына əлемнің 100 мемлекетінен келген есту қабілеті төмен 3 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстандық құраманы 50 спортшы бастап барды. Олар спорттың 9 түрі бойынша өнер көрсетеді. Олардың қатарында еркін жəне грек-рим күресі, жеңіл атлетика, жүзу, тхэквондо, карате, дзюдо, үстел теннисі жəне спорттық бағдарлау сияқты спорт түрлері бар. Сурдлимпиада ойындары 30 шілдеде аяқталады.