Сурет пен сән үлгісін астастырған жас суретші тұңғыш кітабының тұсауын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сурет пен сән үлгісін астастырған жас суретші тұңғыш кітабының тұсауын кесті

Сурет пен сән үлгісін астастырған жас суретші тұңғыш кітабының тұсауын кесті

Сурет пен сән үлгісін ұштастырған жас қылқалам шебері әрі модельер Улия Молдағали өзінің өнерінен сыр шертетін алғашқы кітабын жұрт назарына ұсынды.

  • 10 Қараша 2012
  • 665
Фото - Caravan.kz

“Жел империясы” деп аталатын шығармасына зергерлік өнер, эксклюзивті сән киімдері мен дизайнерлік зерттемелерін енгізіпті. Суретші 18 жыл бойы айналысқан еңбегінің жемісі-100-ге тарта туындысын осы кітапқа арқау еткен. Қабырғаларға ілінген бедерлі көркем­суреттер мен мүсіндер этно-авангард стилінде жасалған. Бұл суретшінің негізгі ұстанған бағыты. Ал дизайнерлік жиынтықтарында Азия мен Еуропа, Шығыс пен Батыс бірдей қамтылған. Қазақтың дәстүрлі ұлттық мәдениетінің архетиптік бейнелерін өзіндік мәнерде түсіндіреді жас суретші. Біз қызығы, Улия шығармаларының  басым бөлігіне құрылыс заттарын пайдаланады екен. Мұны отандық суретшілер көркемөнер саласындағы ерекше шеберлікке балайды.


Тілеужан Батанов, суретші:

Мына бастамалары өте жақсы, әр материалды қолдану деген, әр материалдың өзінің жылуы бар, солар адамға жақсы әсер етеді. Бұл соны тапқан. Ондай ешқандай жаман болмайды. Киіз сияқты ғой материал деген.