Суық антициклон ҚР шығысына әсерін сақтап қалады, батыс пен оңтүстікте қар жауып, бұрқасын болады - 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Суық антициклон ҚР шығысына әсерін сақтап қалады, батыс пен оңтүстікте қар жауып, бұрқасын болады - 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Суық антициклон ҚР шығысына әсерін сақтап қалады, батыс пен оңтүстікте қар жауып, бұрқасын болады - 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның батыс және оңтүстік бөлігі циклон қойнауының әсерінде болып, мұнда 22 желтоқсанда кейбір жерлерде қар түсіп, бұрқасын, екпінді жел болады.

  • 22 Желтоқсан 2012
  • 288
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Суық антициклон Қазақстанның шығыс бөлігіне әсерін әлі де сақтауда, онымен бірге аязды күн райы күтіледі.

Алматы облысындағы Жалаңашкқол ауданында желдің күші 17-22 м/с болады, жел екпіні 27 м/с дейін жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал, жаяу бұрқасын болады.

Жамбыл облысында күндіз кейбір жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жекелеген аудандарда желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысында жел екпіні 17-22 м/с дейін жетеді, кейбір жерлерде бұрқасын болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, бұрқасынның болуы ықтимал, Маңғыстау облысында шаңды дауыл болады.

Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, күндіз бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысында да желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түседі.

Түнде Алматы облысында кейбір жерлерде өте қатты аяз сақталады, Шығыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде қатты аяз сақталады.

Алдағы үш тәулікте республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы жекелеген өзендерде мұз қатудың бірте-бірте әлсіреуі, су деңгейінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде байқалатындай өзгерістер күтілмеуде.