Светлана Подобедова әлем чемпионатына қатыспайды - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Светлана Подобедова әлем чемпионатына қатыспайды

Светлана Подобедова әлем чемпионатына қатыспайды

 Қазақстандық штангашы және 2012 жылғы Олимпиаданың чемпионы Светлана Подобедова Алматыда өтетін әлем чемпионатына жарақаты салдарынан қатыса алмайды, деп хабарлайды sports.kz.

  • 7 Қараша 2014
  • 391
Фото - Caravan.kz

"Өкінішке қарай, Светлана Подобедова жарақаттанып қалды, оның сол жақ санының үстіңгі бөлігінің бұлшық еті жарым-жартылай жыртылды. Денсаулығын қалпына келтіру үшін спортшыға бір айдай уақыт қажет. Сондықтан ол турнирге қатыса алмайды, — дейді Қазақстанның ауыр атлетика бойынша Бас жаттықтырушысы Алексей Ни.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Светлананың орнына Анна Нұрмұхамбетова шығады", — деді Алексей Ни.


Естеріңізге сала кетейік, ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионаты 8-16 қараша аралығында Алматы қаласында өтеді.