Святитель Николайдың киелі жұрнағы Алматыдан Петропавлға әкелінді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Святитель Николайдың киелі жұрнағы Алматыдан Петропавлға әкелінді

Святитель Николайдың киелі жұрнағы Алматыдан Петропавлға әкелінді

Дүйсенбі күні Святитель Николайдың киелі жұрнағы Алматыдан Петропавлға әкелінді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Шiлде 2011
  • 446
Фото - Caravan.kz

Қаланың мыңдаған тұрғыны киелі затқа бас июге келді.

«Алматыдан арнайы әкелінген қасиетті Николайдың жұрнағы бас июшілер үшін дүйсенбі күні сағат 6-дан 15-ке дейін ашық. Осыған байланысты петропавлдықтардың көбі апостолдар Петр мен Павел соборының алдында кеше кешкі уақыттан бастап кезекке тұрды», — деп мәлім етті СҚО бойынша православ храмдарының қызметкері протоиерей Сергий.

Оның айтуынша, Святитель Николайды «бүкіл әлемде құрмет тұтады және христиандар ғана емес». «Ол IV ғасырда өмір сүрді және Ликияда (Кіші Азия) Мира қаласында архиепископ болған. Қазір бұл Түркияның аумағы, онда қасиетті Николайдың өміріне қатысы бар орындарға қамқорлықпен қарайды. Ал православиеліктер оны ерекше сүйеді: оған көптеген храмдар, монастырьлар, иконалар, әдеби ескерткіштер арналған. Ғажайып іс жасаушы Николайдың иконасы жоқ православиелік адам жоқ шығар», — дейді протоиерей Сергий.

Қасиетті ғажайып істері, жақындарына риясыз көмегі үшін ғажайып істер жасаушы деп (чудотворец) аталады. Христиандар сапар, саяхат кезінде одан қорғаныс сұрайды.

Соңғы жаңалықтар