Swatch 1 млрд $-ға Harry Winston зергерлік әшекейлері мен сағаттар брендін сатып алады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Swatch 1 млрд $-ға Harry Winston зергерлік әшекейлері мен сағаттар брендін сатып алады

Swatch 1 млрд $-ға Harry Winston зергерлік әшекейлері мен сағаттар брендін сатып алады

Швейцарияның сағат шығарушы Swatch Group AG компаниясы 1 млрд $-ға Harry Winston сағаттары мен зергерлік әшекейлер брендін сатып алады, деп Bloomberg агенттігі хабарлады.

  • 14 Қаңтар 2013
  • 316
Фото - Caravan.kz

Swatch компаниясы Harry Winston Diamond Corp. үшін 750 млн $ төлейді және компанияның 250 млн. $ мөлшердегі қарызын өз мойнына алады.

Harry Winston Diamond компаниясы Dominion Diamond Corp. болып аталады.
«Harry Winston бренді Swatch компаниясының беделді бұйымдарының қатарын тамаша толықтырады», — дейді швейцариялық компанияның басшысы Нэйла Хайек.
Swatch Group 2012 жылы табысын14%-ға арттырды.