Жарияланды: 330

«Сыбағамен» 2011-2012 жылдары 10 208,3 млн. теңге берілді

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2011-2012 жылдары 55 486 бас аналық мал мен 2 426 бас етті тұқымды бұқа сатып алынды.

ҚазАгро холдингі еншілес компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Сыбаға» малшаруашылығын дамытуды қаржыландыруға арналған. Бұл бағдарлама ауыл тұрғындары мен ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге етті тұқымды жас малды көбейту үшін ірі қара малдың аналық басы мен бұқа сатып алуға қаржы бөлуді көздейді. Оның мақсаты ауылшаруашылығы өнеркәсібі кешені субъектілерінің экспорттық әлеуетін арттыру туралы Елбасының тапсырмасын орындау бойынша инвестициялық бағдарлама шеңберінде жергілікті малдың санын көбейту және сапалық көрсеткіштерін жақсарту үдерісіне шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарын тарту болып табылады. Қор фермерлік шаруашылықтарына жылына 6 пайызбен 7 жылға дейін 1 млн. 18 млн. теңгеге дейін несиелер береді. 2011-2012 жылдары «Сыбаға» бағдарламасы бойынша қор арқылы 10 208,3 млн. теңгеге 1 668 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 3 млрд. теңгеге 462 несие беріліп, ол толығымен игерілді. Ал қордың өз қаражатынан 1 883,1 млн. теңгеге 314 несие, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-нан тартылған қаржыдан - 973,4 млн. теңгеге 167 несие берілді. «Сыбағаны» жүзеге асыруда қазір Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары көшбасшылардың қатарында келе жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін