"Өз қатарының тазалығын қамтамасыз ету саясатын іске асыру мақсатында, ағымдағы жылдың 20 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ішкі қауіпсіздік департаменті 3 басқарма уақытша бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, қазіргі уақытта ұсталып, Қызылордадағы МТБ-ға орналастырылды", — делінген ақпаратта.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде атап өтілгендей, қылмыстық тергеу агенттік төрағасының жеке бақылауында. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.