"Сығандар дәстүрі бойынша тұрмысқа шыққан": Өскемендік оқушы қыз күйеуге тиіп, үлкен айқай-шу болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сығандар дәстүрі бойынша тұрмысқа шыққан": Өскемендік оқушы қыз күйеуге тиіп, үлкен айқай-шу болды

"Сығандар дәстүрі бойынша тұрмысқа шыққан": Өскемендік оқушы қыз күйеуге тиіп, үлкен айқай-шу болды

 

  • 6 Қазан 2021
  • 286
Фото - Caravan.kz

Өскемендік мектеп оқушысы Алматыға қашып кетіп, сыған дәстүрі бойынша тұрмысқа шығып алған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полицияның мәліметінше, сегізінші сынып оқушысы жазда үйінен кетіп қалған. Анасы жасөспірімді Алматыдан өз бетінше іздеп, тапқан.

Содан ШҚО-ға бет алып, Алматыдан шыққанда, яғни жанар-жағармай бекетіне тоқтағанда қыз қайтадан қашып кетті. 19 қыркүйекте тәртіп сақшылары оның ізіне түсті. Қызбен сөйлесу кезінде жедел қызметкерлер оның үйден өз еркімен кеткенін білді, себебі ол Алматыда тұрғысы келді, ал қазіргі уақытта сығандар дәстүрі бойынша тұрмысқа шығып алған, — делінген хабарламада.

Оқушы ата-анасының үйіне қайтарылды.

Полиция осыған ұқсас тағы бір жағдайды баяндады. 14 жасар қыз 12 қыркүйек күні кешке үйден қашып кеткен.


Кейін ол Павлодардан табылды.

Белгілі болғандай, ол ВКонтакте желісінде көрші қаладағы жігітпен танысып, онымен кездесу үшін үйінен қашып кеткен. Жасөспірім үйінен өз еркімен кетіп, ата-анасымен бірге тұрғысы келмейтінін айтқан.

Нұр-Сұлтаннан тағы бір семейлік қашқын табылды.

17 жастағы бойжеткен елордаға жұмысқа тұру үшін келіпті.

Сөйлесе келе, оның аллдымен әлеуметтік желі арқылы танысқан жігітіне — Түркістанға барғаны белгілі болды, содан екеуі қол ұстасып, астанаға жақсы өмір іздеп келген. Полиция кәмелеттік жасқа толмаған баланы туыстарына қайтарды, — дейді полициядағылар.