"Сүйіктіме бірден өмірімді ата-енеге қызмет көрсетіп өткізе алмайтынымды айттым" - Блогер Бота Миа - kaz.caravan.kz
  • $ 519.55
  • 596.03
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сүйіктіме бірден өмірімді ата-енеге қызмет көрсетіп өткізе алмайтынымды айттым" - Блогер Бота Миа

"Сүйіктіме бірден өмірімді ата-енеге қызмет көрсетіп өткізе алмайтынымды айттым" - Блогер Бота Миа

Блогер Бота Миа сүйіктісіне ата-енесімен бірге тұрмайтынын бірден айтқан.

  • 27 Мамыр
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол «Taboo» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мен Асқарға айттым, «Асқар, мен қазір Есікке барып, өмірімді сол жаққа байлап, ата-енеге қызмет көрсетіп өткізе алмаймын» деп басынан айттым. Кейін бірге тұрамыз деген кезде келіспеушіліктер болады. Өйткені, менің ойымша отбасы құрылғаннан кейін олар жаңа отау құру керек. Жаңа үй, бөлек әлем болуың керек. «Мен ата-анаңа апта сайын барып, тамақтарын істеп, хал-жағдайларын біліп тұрамын. Түскеннен кейін бір ай сол үйде боламын. Басымда орамал, қонақтарды күтемін. Мен ол жұмыстан қашпаймын» дедім. Бірақ, ол жақта тұрып, ата-енеге қызмет деп ол жақта тұра алмаймын. Мен оған «ата-анама қызмет ету керек, солармен бірге тұру керек десең онда мен саған келмеймін» деп бірден айттым», — деді блогер.