Сыйға баспана алған Тамара Асар жалғыз ұлының әкесі кім екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сыйға баспана алған Тамара Асар жалғыз ұлының әкесі кім екенін айтты

Сыйға баспана алған Тамара Асар жалғыз ұлының әкесі кім екенін айтты

Батыс Қазақстанның азаматтары Тамара Асарға Маңғыстаудың қақ ортасынан 3 бөлмелі пәтер сыйлады.

  • 16 Тамыз 2016
  • 9650
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Отандық бағдарламалардың бірінде Тамара Асар арманына қол жеткізгенін айтқан болатын. Көпшілік әнші отбасын құрғалы жүр деп болжады. Десе де, бұл қуанышының сыры басқада екен. Оған ағалары Маңғыстаудың қақ ортасынан 3 бөлмелі су жаңа пәтер сыйлады.

“Сүйінші! Маңғыстауға Қамбардың қазығы қайта қағылды! (Ұзағынан сүйіндірсін). Қуанышты бөліссең көбейеді дегендей, сіздермен бөліскім келеді, достарым! Мен Қазақтың Қызымын! Өнерімді елім, жерім дәріптеп, “хан” көтеріп келеді. Маңғаз Маңғыстауымның мәрт азаматы Самат Мұсабаев бастаған құрылыс компаниясы демеушілік етіп, аймаққа өз еңбегін сіңіріп келе жатқан Орақ Аяпов сияқты ағаларым қамқор болып, облыс әкімі Әлік Айдарбаев салтанатты түрде маған Ақтау қаласының орталығынан су жаңа көтерілген үйден 3 бөлмелі пәтер сыйға тартты!

13767495_626558730846460_1482135736_n

Шын жүрегімнен жоғарыдағы аты аталған және ат салысқан ағаларыма алғысым шексіз! Сіздерге қарындастық тілегім бар – “Ұрпақтарыңыздың ұлылығын көруді нәсіп етсін Жаратқан! Менің кереметімді емес, өнердің кереметін бағалаған жүректеріңізден айналдым. Бүгінгі құрылысшылар күнімен осы саладағы барлық құрлысшыларды құттықтаймын! Бір шаршы ғана құшағыма, баршаңызды сыйғыздым! Бұл бұйырса Аққамбардың шаңырағы. “Ең қызығы бұл пәтерге себепші болған екі ағасы, біреуі – Самат, біреуі – Орақ. Ал Қамбардың марқұм әкесінің аты Самат, фамилиясы Орақ болатын…” – дейді Тамара Асар.


Әншінің көтеріңкі көңіл-күйін жазбасынан-ақ байқауға болады. Оның бұл қуанышын әріптестері мен желі қолданушылары да бөлісуге асықты. Барлығы бірауыздан ақ тілектерін жаудырып, Тамарадан үлгі алуға шақырды. “Әр адамның бақытты болуы өз қолында. Бақытты болғыларың келсе, масыл болмай еңбек етіңдер. Тамараның жетістігі еңбекқорлығында. Әншінің бәрі бай деп кім айтты. Әнші болып көріңдер, сосын түсінесіңдер. Әрине, бұл жерде тек шынайы әншілер туралы ғана айтып отырмын” дейді желі қолданушыларының бірі.