"Сынбаған жері жоқ": Алматыда жантүршігерлік жол апатында қаза болған марқұмның туысы елге жанайқайын атты - kaz.caravan.kz
  • $ 460.37
  • 531.87
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сынбаған жері жоқ": Алматыда жантүршігерлік жол апатында қаза болған марқұмның туысы елге жанайқайын атты

"Сынбаған жері жоқ": Алматыда жантүршігерлік жол апатында қаза болған марқұмның туысы елге жанайқайын атты

Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды. Марқұмдардың туыстарының бірі журналист Руслан Өтепбайға ашық сұхбат берген. "21 к

  • 7 Сәуiр
  • 14
Фото: Instagram/Руслан Өтепбай

Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.

Марқұмдардың туыстарының бірі журналист Руслан Өтепбайға ашық сұхбат берген.

«21 күні, Әл-Фараби даңғылында қаза тапқан Құмар есімді бойжеткенні үйінде тұрмыз. Мына киімдердің Құмар сол күні, жол апаты күні киген. Оларды дәлел ретінде сақтап отыр. Шалбары қан-жоса, мәйітте қандай жарақат болғанын оның күртешесінен-ақ білуге болады, сау-тамтығы жоқ», — деді журналист.

Марқұмның туыстары да сол күні киген киімдерін әлі күнге дейін дәлел ретінде сақтап отырғанын растаған.

«Сынбаған жері жоқ, балтыры айналып кеткен, қолдары сынған, аяғының жартысы жоқ. Маңдайының көретін жері жоқ, тістері де сынған. Ашық сотты қалаймын, сотталушыға барынша ұзақ мерзімді уақыт берсе дейміз», — деді марқұмның туысы.

Айта кетейік, 21 наурыз күні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан үш адам қаза тапты. 

Zeekr маркалы автокөліктің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып қарсы жолаққа шығып, жолдағы қарсы бағыттағы Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 29 жастағы Mercedes жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Zeekr көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.