Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Сынықшылық ол қасиет!
Ол сенімен бірге туылады!
Блогерлік, маңдайыма бұйырған жане еңбекпен келетін жақсы кәсіп!
Актрисалық ол менің бала арманым! Мен кәдімгі танымал актриса болғым келді, оны ешқашан жасырған да емеспін.
Осы кинода эпизод кейіпкерді ойнап шықсам да жақсы ойнап шықтым.
Ендігі мақсатым басты рөлде ойнау.
Армандау тегін ғой.
Декреттегі кезімде өз қалауымды жасап жүрмін. Ешкім айыпқа бұйырмасын!
Ертең адам емдеп отырған кезде де жақсы ұсыныстар келсе киноға бұйырса, Алла қаласа түсемін!
Кеше көп адам “сен мықты актрисасың, сені камера сүйеді” деген жақсы сөздерді естіп қанаттанып отырғаным бар», — деп жазды блогер.