Бұған облыстық статистика департаменті ұсынған деректер толық дәлел. Сол мәліметтерге сүйенсек, былтырғы жылғы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 8 551 млн. теңгеге тұрғын үй құрылысы жүргізілгеніне көз жеткіземіз. Бұл осының алдындағы жылмен салыстырғанда 35,4 пайызға артық. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттың үлесі 3,4 пайызды құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 251 792 шаршы метр. Осылардың 216 443 шаршы метрі пайдалануға берілді.