Күдіктілердің бірі бетперде киіп, қолына электрошокер ұстаған, екіншісі жемпірінің жағасына бетін жасырып, қолына тапаншаға ұқсас зат алған.
Ғимаратқа баса-көктеп кірген қарақшылар мекеменің кассирлерін — 1990 жылы туылған Д.А. мен 1987 жылы туылған Ұ.М.-ды қорқытып, кассада арнайы ақша салуға арналған қораптың ішінен жалпы сомасы 249 мың 276 теңге ақшаны алып, қашып кеткен.
«Сыр жарығы» серіктестігі халықтан электр жарығы үшін төлемақы жинаумен айналысады. Ірі көлемдегі қаржымен жұмыс жасап жүргеніне қарамастан, ғимарат ішінде қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Терезелерінде темір тор жоқ. Бейнебақылау қондырғысы орнатылмаған. Күзетші қызметі мүлдем қарастырылмаған. Осының салдарынан күдіктілерді дер кезінде құрықтау мүмкін болмады», — делінген хабарламада.
Ведомствоның атап өтуінше, өңірде қолма-қол сауда жасайтын сауда орындарына қарақшылық шабуылдар жиі жасалатын болды. Осыған байланысты облыстық ішкі істер департаменті күзет пен қауіпсіздік шараларын күшейтуді ескертуде.