Сырдариядан суды заңсыз алғандарға 13 млн теңгеге жуық айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сырдариядан суды заңсыз алғандарға 13 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Сырдариядан суды заңсыз алғандарға 13 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Сырдария өзенінен суды заңсыз алған 9 тіркелмеген сорғы қондырғысын тапты

  • 28 Шiлде
  • 7
ФОТО: акимат южно-Казахстанской области

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

9 әкімшілік іс қозғалып, заңды бұзғандарға жалпы сомасы 1,7 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

«Жалпы, жыл басынан бері Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы арнайы су пайдалануға рұқсатсыз суды пайдаланған 62 адамды анықтады. Оларға 12,7 млн теңгеден астам айыппұл салынды», — дейді ведомство.

Суды жосықсыз пайдаланудың тағы бір фактісін Тобыл — Торғай бассейндік инспекциясы анықтады. Онда суды негізсіз ағызу фактісі және суды есептеу құралының ақауы анықталды.

Перейти к новостям спорта