Сырдария өзеніндегі су мөлшерінің шамадан тыс артуы салдарынан Шардара су қоймасының маңындағы қорғаныс учаскесі су астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сырдария өзеніндегі су мөлшерінің шамадан тыс артуы салдарынан Шардара су қоймасының маңындағы қорғаныс учаскесі су астында қалды

Сырдария өзеніндегі су мөлшерінің шамадан тыс артуы салдарынан Шардара су қоймасының маңындағы қорғаныс учаскесі су астында қалды

Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдария арқылы өтетін көпірмен жалғасып жатқан Қызыләскер- Кировский тас жолының бойында, көпір маңындағы қорғаныс учаскесі су астында қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық автокөлік жолдары басқармасының бастығы Қозыбай Момынбеков хабарлады.

  • 5 Қаңтар 2004
  • 707
Фото - Caravan.kz

Өзен суының деңгейі тәулігіне 15 см-ге шұғыл көтерілуі салдарынан қорғаныс үймектері суы астында қалған. Су шайған алқап 18 метрге жетеді.

Қазір су шайған жерде жол қызметкерлері, механизаторлар мен инженерлік-техникалық мамандар тәулік бойы кезекшілік жасауда. Олар 1550 дана құм салынған қаптар дайындады. Қорғаныс учаскесін одан әрі су шайып кетпеу үшін Шымкенттен темірбетон уатындысын тиеген 16 автокөлік жіберілді.
Жол үстіндегі қозғалыс қалыпты режимде жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар