Бүгін Астанада Әлемдік банктің Қазақстандағы өкілі Лу Брефор мен ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімов кездесіп, грант бөлу жөніндегі келісімге қол қойды. Кездесуге Жапонияның Қазақстандағы елшісі Тэцуо Ито қатысты. Әлемдік банктің таратқан мәліметтері бойынша, қаржы институты Жапония ұсынған соманы Қазақстанға береді. Сонымен қатар, аталған жобаның жүзеге асуы үшін Қазақстан үкіметі өз тарапынан тағы 700 мың доллар қосады.
Жобаның екінші кезеңінде Сырдария бойының гидрологиялық, ауыл шаруашылық және экологиялық жағдайлары қарастырылмақшы. Бұл өзеннің Қазақстанға тиесілі бөлігінде су ресурстарын пайдалануды мейлінше арттыру үшін қажет.
Ал осыған дейін Сыр өзенінің жағалауындағы құрылғыларыды қайта қалыпқа келтіру, күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылды. Бұл өзен бойымен қатынауды оңтайландырса, Берга бұғазында салынған жаңа бөгет Арал теңізінің солтүстігіне су толтыруға мүмкіндік ашты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті