Сырдарияда мұзқатқы болуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының Шеңгелді ауылына су астында қалу қаупі төнді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сырдарияда мұзқатқы болуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының Шеңгелді ауылына су астында қалу қаупі төнді

Сырдарияда мұзқатқы болуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының Шеңгелді ауылына су астында қалу қаупі төнді

Сырдарияда мұзқатқы болуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданындағы Шеңгелді ауылына су астында қалу қаупі төнді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 7-ақпанда Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 7 Ақпан 2005
  • 469
Фото - Caravan.kz

6-ақпан, жексембіде 4 шақырымға созылған мұздақ үстінен әуеден 17 жарылыс жасалып, 714 кило жарылғыш зат жұмсалды. Мұзды жару жұмыстары бүгін де жалғасуда.

Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының шұғыл қимылдарының нәтижесінде бүгінде республикалық маңызы бар барлық жолдарды бойлай қозғалыс қалпына келтірілді. Қазығұрт, Машат және Шақпақ баба асулары ашылды.
Солтүстіктегі Бәйдібек және Созақ, сондай-ақ, Кентау маңында жолдарды тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Ал Одаман-Бұлақ және Таскөмірсай асулары әлі де жабық тұр. Мұндағы қарлы бұрқасын жолдарды қармен көмкеруде.
6-ақпанда құтқарушылар 40 адамды қар құрсаудан құтқарды. Ұйық ауылына 10, Ащысайға 15, Кентауға 18 адам 6 автокөлікпен қайтарылды. Сондай-ақ, 6-ақпанда Бәйдібек ауданы Жалғас ауылына шынжыр табанды сүйретпелі трактор азық-түлік өнімдері мен дәрігерді жеткізді.

Перейти к новостям спорта