Сырқаттанып қалған Горбачев өкініші туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сырқаттанып қалған Горбачев  өкініші туралы айтты

Сырқаттанып қалған Горбачев өкініші туралы айтты

Кеңес Одағының соңғы президенті – Михаил Горбачев қатты сырқат Хәлінің нашарлағаны сонша қарт саясаткерді шұғыл ауруханаға жеткізуге тура келген. 82 жастағы Горбачев ұзақ жылдан бері қант диабетіне шалдыққан. 

  • 11 Қазан 2014
  • 377
Фото - Caravan.kz


Десе де ауруы асқынғаны болмаса, әзірге өміріне төнер қауіп жоқ. Бұл туралы Горбачев атындағы қордың хатшылары, Мәскеулік дәрігерлердің сөзіне сілтеме жасап, ресми хабарлап отыр. Әйтпесе, Ресей мен Еуропаның кей басылымдарында саяхаткер «өліпті» деген де жаңалық тарап жатқан көрінеді. Ал Михаил Горбачев журналистерге берген соңғы сұхбатында, тек бір нәрсеге өкінетінін айтыпты. Ол – желтоқсанның 10-на белгіленген Ослодағы «Нобель» сыйлығын табыстау салтанаты. 20-шы ғасырдағы адамзат трагедиясына айналған «қызыл империяны» құлатуға және бодандық қамытын киген 14 елдің тәуелсіздік алуына септігі тиген қайраткердің өзі бұл сыйлықты 90-шы жылы алған.