Сыртқы істер министрі: Сирияда Қазақстанның 33 азаматы бар, оның көбі – әйелдер  - kaz.caravan.kz
  • $ 522.63
  • 548.66
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сыртқы істер министрі: Сирияда Қазақстанның 33 азаматы бар, оның көбі – әйелдер 

Сыртқы істер министрі: Сирияда Қазақстанның 33 азаматы бар, оның көбі – әйелдер 

Қазір Сирияда Қазақстанның 33 азаматы тұрып жатыр, оның көбі әйел адамдар. Бұл туралы бүгін сенатта сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлім етті

  • 19 Желтоқсан
  • 4
Azattyq ruhy

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Журналистер Сириядағы билік төңкерісі кезінде Қазақстан азаматтарының жағдайы не болады деген сұрақ қойған.

«Сириядағы, жалпы, Таяу Шығыстағы жағдай тұрақталды деп айтуға болады. Ол жақта жылдар бойы тұрып келе жатқан, тұрмыстағы әйелдер мен балалар бар. Қазір олармен байланыстамыз. Олар кез келген ақпарат құралын пайдаланып, Консулға хабарласа алады. Консул біздің сыртқы істер министрлігіне байланысқа шығады», — деді ол.

Журналистердің нақты неше адам деген сұрағына жауап берген Бақаев «қателеспесем, 33 адам бар. Одан аспайды. Осы 33 кісімен байланыстамыз», — деп жауап берді.