Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың балалары қалай табыс тауып жүр? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың балалары қалай табыс тауып жүр?

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың балалары қалай табыс тауып жүр?

Caravan.kz медиа-порталының редакциясы ел билігіндегі танымал тұлғалардың балалары туралы жазуды жалғастырады.

  • 13 Желтоқсан 2016
  • 2587
Фото - Caravan.kz

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов – ҚР Сыртқы істер министрі. 1959 жылдың 28 сәуірінде туылған. Әр жылдары Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландиядағы, Швеция, Норвегия және Ирландиядағы (2002-2007 ж.ж.), АҚШ-тағы, Бразилиядағы (2007-2012 ж.ж.) төтенше және өкілетті елшісі болды. 2016 жылдан бастап ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі.

Ерлан Ыдырысов. Matritca.kz фотосыЕрлан Ыдырысов. Matritca.kz фотосы

Әйелі – Нұрила Анарбекқызы Ыдырысова (1959 ж.т.). Ерлі-зайыптылар үш баланы тәрбиелеп өсірген. Олар – Данияр, Әлжан және Әйгерім.

Айта кету керек, Ерлан Ыдырысовтың өзі – әл Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде ұзақ жыл ұстаздық еткен белгілі жазушы-журналист Әбілфайыз Ыдырысовтың баласы.

Әбілфайыз ЫдырысовӘбілфайыз Ыдырысов. "Түркістан" газеті

Данияр Ыдырысов

1983 жылдың 2 мамырында туылған.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. Биыл 30 қыркүйектен бастап компанияның бірыңғай кадрлық резервінің құрамына енген. Онда 86 қызметкер бар.

Кадрлық резерв бағдарламасының қатысушылары. Kmg.kz фотосыКадрлық резерв бағдарламасының қатысушылары. Kmg.kz фотосы

Ашық дерек көздеріндегі мәлімет бойынша, Данияр Ыдырысов Алматыда тіркелген WHITE SWAN INVESTMENTS ЖШС-ін басқарады.    

Мемлекеттік кіріс комитетіндегі дерек бойынша, бұл компания 2011 жылы мемлекетке 1 200 000 теңге, 2012 жылы 572 200 теңге, 2013 жылы 0,2 мың теңге салық төлеген.

WHITE SWAN INVESTMENTS ЖШС. Kgd.gov.kz фотосыWHITE SWAN INVESTMENTS ЖШС. Kgd.gov.kz фотосы 

Ал 2014 жылдан бастап аталған компаниядан бюджетке бір тиын да салық түспепті.

Әйгерім Ыдырысова

Әйгерім Ыдырысова. Look.tm фотосыӘйгерім Ыдырысова. Look.tm фотосы

1986 жылдың 26 тамызында туылған. Дизайнер. Лондондағы Central Saint Martins-те оқыған.

Әйгерім бір сұхбатында сән мен өнерге деген құштарлығын анасы оятқанын айтыпты.

«Дизайн мен өнерге бала кезден қызықтым. Бұған анам ықпал жасады. Ол мені өнертану бойынша мықты ұстазбен таныстырды» дейді ол.

Әйгерім Алматыдағы сән-салтанатты кештерге жиі барып тұрады.

Дамир Өтеген, Кәмила Лұқпанова, Әйгерім Ыдырысова, Мәдина Аманова, Шынар Сапар, Мирон Сүгірбаев, Мәдина Нарбаева, Дамир Күйшібаев Almaty Pop Up Store шарасы кезінде. Buro247.kz фотосыДамир Өтеген, Кәмила Лұқпанова, Әйгерім Ыдырысова, Мәдина Аманова, Шынар Сапар, Мирон Сүгірбаев, Мәдина Нарбаева, Дамир Күйшібаев Almaty Pop Up Store шарасы кезінде. Buro247.kz фотосы

Мирон Сүгірбаев пен Әйгерім Ыдырысова Almaty Pop Up Store шарасы кезінде. Buro247.kz фотосыМирон Сүгірбаев пен Әйгерім Ыдырысова Almaty Pop Up Store шарасы кезінде. Buro247.kz фотосы 

Ол – алматылықтарға арналған Apple Hero экологиялық мобилдік қосымшасын жасап шығарғандардың бірі.

Apple Hero. Buro247.kz фотосыApple Hero. Buro247.kz фотосы

«Алматы – Арт-қала» байқауының бас жүлдесін Жанар Серікбаевамен бірге жеңіп алған.

Kcell-дің жарнамалық дизайнын жасап шығарған.

Әлжан Ыдырысов

Ерлан Ыдырысовтың кенже ұлы туралы көп жәйт мәлім емес. Тек белгілісі – ол 1998 жылдың 22 тамызында туылған.  Сондай-ақ, ағасы мен әпкесі сияқты «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамында үлесі бар екен.

«Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы. Dfo.kz фотосы «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы. Dfo.kz фотосы
Соңғы жаңалықтар