Сырттан әкелінген автокөілктерді дер кезінде кедендік рәсімдеуден өткізбеген СЭБ қатысушылары сот арқылы жауапқа тартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сырттан әкелінген автокөілктерді дер кезінде кедендік рәсімдеуден өткізбеген СЭБ қатысушылары сот арқылы жауапқа тартылады

Сырттан әкелінген автокөілктерді дер кезінде кедендік рәсімдеуден өткізбеген СЭБ қатысушылары сот арқылы жауапқа тартылады

Сырттан әкелінген автокөілктерді дер кезінде кедендік рәсімдеуден өткізбеген сыртқы экономикалық байланысқа (СЭБ) қатысушылар сот арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деп Алматы және Алматы облысы бойынша КБД кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бастығы Жанат Танбаев мәлім етті.

  • 1 Шiлде 2011
  • 516
Фото - Caravan.kz

«Егер ол (көлік иесі – ҚазТАГ) регламент бекіткен 4 ай ішінде сырттан әкелінген көлігіне кедендік тазартуын жүзеге асырмаса, аталған көлікке әкімшілік материал жасалып, сотқа жіберіледі. Әдетте, алғашқыда айыппұл салынады. Айыппұл төленбеген жағдайда, материал қайтадан сотқа жіберіледі», — деді Ж. Танбаев бейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

Ол көлігін кедендік рәсімдеуден өткізбеген көлік иесі кез келген жағдайда кедендік рәсімдеудің екеуінің бір түрін таңдап алуы тиіс екенін ескертті. Олар — көлікті не реэкспорттау, жою режимі немесе үкімет пайдасына көліктен бас тарту. Сырттан көлік әкелуге қатысты мемлекет бекіткен талаптарды орындамаған адам табылып, белгіленген мерзімге кедендік декларацияны тапсырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар Ж. Танбаев 27-ші маусымнан бастап жеңілдікпен әкелінген көліктерді рәсімдейтін барлық кедендік бекеттер, уақытша сақтау қоймалары (УСҚ) мен төлемдерді қабылдайтын банк бөлімшелері тәулік бойғы режимде жұмыс істейді.

«Бүгінгі 12 сағатқа Алматы мен облыстың УСҚ-да 443 кедендік рәсімделмеген көлік қалып отыр… Біздің қызметкерлеріміз көлік иелерінің барлығына олардың көліктерінің қай қоймаға келгендігі туралы телефон арқылы хабарлап, кедендік рәсімдеуін сұрады… Аталған азаматтар барлық құжаттарын алды…», — деді Ж. Танбаев.

Оның айтуынша, кедендік рәсімделмеген көліктер саны жұма күні белгілі болады. Олардың дер кезінде рәсімделуіне не кедергі болғандығы анықталады.

Өз кезегінде «Алматы –ЦТО» кеден бекетінің бастық орынбасары Жанар Нұрбаева жеңілдік күшінде болған мерзімде елге 100 мыңдай көлік әкелінгенін, оның ішінде тек Алматы мен Алматы облысының территориясына 80 мың көлік әкелінгенін мәлім етті.

Салыстыру үшін ол екі жылдың жарты жылдық статмәліметтерін келтірді.

«2010 жылдың 6 айында тек қана Алматыға кеден арқылы 11 мың автокөлік келген, ал биылғы осындай аралықта 27 мыңдай автокөлік келді», — деді Ж. Нұрбаева.

Соңғы жаңалықтар