Сюжеттегі олқылық - kaz.caravan.kz
  • $ 512.66
  • 580.59
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сюжеттегі олқылық

Сюжеттегі олқылық

Өткен жұмада жаңалықтарда өрескел қателік кетті! Тілшіміз Құралай Пионердің «ТрейвелСистем»-нің қашқын директорының елге оралуы туралы жасаған сюжетінде өзге адамның суреті салынған.

  • 22 Қыркүйек 2015
  • 400
Фото - Caravan.kz

Өкінішке орай ол танымал ғалым – Алмаз Шарманның суреті болып отыр. Алмаз Төрегелдіұлы медицина саласында ұзақ жылдан бері еңбек етіп келе жатқан тұлға. Соңғы 30 жылдан бері иммунология, репродуктивті денсаулық мәселесі бойынша Америкадағы Джонс Хопкинс атындағы университетте қызмет етіп келеді. Сондай-ақ, ол Ұлттық медицина холдингін басқарды. Алмаз Шарман Америка денсаулық сақтау қауымдастығы мен өзге де халықаралық ұйымдардың мүшесі. КТК телеарнасы Алмаз Төрегелдіұлынан ресми түрде кешірім сұрайды. Және бейнематериалда кеткен бұл қателік арадағы достық қарым-қатысқа сызат түсірмейді деп үміттенеміз.