Сыздықов насихат науқанына қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сыздықов насихат науқанына  қатысты пікір білдірді

Сыздықов насихат науқанына қатысты пікір білдірді

Ал Тұрғын Сыздықов үгіт-насихат жұмысын тәмамдауға жақын. Бүгін кандидат Республикалық қоғамдық комиссияның қабылдауында болып, атқарған істерін баяндады.

  • 14 Сәуiр 2015
  • 254
Фото - Caravan.kz

Сыздықов елдің 5 облысында болып, жеке 11 кездесу өткізіпті. Өзге өңірлерде Қазақстан коммунистік халықтың партиясының штаб өкілдері жұмыс атқарған. Сөйтіп, партияның «Әділетті әлеуметтік қоғам» тақырыбына негізделген бағдарламасы толықтай жұртқа таныстырылып шыққан.

Тұрғын Сыздықов, ҚР Президенттігіне үміткер:

— Бүгінгі күнге дейін сайлау науқанына қатысты бірде бір заң бұзушылық болған жоқ. Мен сайлаушылармен кездесіп, біраз облысты аралап келдім. Бірнеше кәсіпорындарда болдым. Адамдардың тұрмысымен таныстым.