Сондай таныстырудың бірі — Қызылорда облысында жасалынуда. Мұнда Қазақстан халықтық коммунистік партиясының штабы насихат парақшаларын таратып, кандидат тұрғырнамасының негізі — бейбітшілік, адамгершілік және интернациализм тақырыптарын сайлаушылармен талқылап шықты. Әсіресе, жастарға батыстың бассыз әрекеттеріне еліктемеуге үндеу жасалып жатыр. Тұрғын Сыздықовтың өзі бүгінге дейін жеке 7 облыстың жұртымен жүздесіп үлгеріпті.