Сыздықовтың сенімді өкілдері отбасылық құндылықты дәріптеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сыздықовтың сенімді өкілдері отбасылық құндылықты дәріптеуде

Сыздықовтың сенімді өкілдері отбасылық құндылықты дәріптеуде

Отбасылық құндылықтар мен отансүйгіштікті ту етіп ұстаған Тұрғын Сыздықовтың Ақтөбедегі сенімді өкілдері де жаппай үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда.

  • 10 Сәуiр 2015
  • 209
Фото - Caravan.kz

Олар кандидаттың сайлауалды тұғырнамасымен халықты тереңірек таныстырып жатыр. Тұрғын Сыздықовтың Ақтөбе өңіріндегі сайлауалды штабында 21 сенімді өкіл жұмыс істейді. Бұл аймақта Қазақстан коммунистік халық партиясының 5 мың мүшесі бар екен. Олар халыққа насихат материалдары жарияланған партия газетін таратуда.

Жанат Молдашев, Т.Сыздықовтың Ақтөбе облысы бойынша сенімді өкілі:

-Үгіт-насихат барысында батысқа еліктеуді тоқтату қажеттігін, жастар дәстүрлі құндылықтар мен қоғамдық идеалдарды танып өскенде ғана батыстық мәдениеттің ықпалынан құтылатынымызды көпшілікке жеткізіп жатырмыз.