Т. Айбергенов шығармашы­лығына арналған «Бір тойым бар» аталатын ән байқауы өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Т. Айбергенов шығармашы­лығына арналған «Бір тойым бар» аталатын ән байқауы өткізіледі

Т. Айбергенов шығармашы­лығына арналған «Бір тойым бар» аталатын ән байқауы өткізіледі

Сазгерлер арасындағы бұл байқау Т.Айбергенов өлеңдеріне жазылған әндер мен ақынға арнап жазылған арнау әндер аталымдары бойынша өткізіледі.

  • 22 Маусым 2012
  • 888
Фото - Caravan.kz

«Алаш айнасы» газетінің жазуынша, ән байқауына кәсіпқой және әуесқой сазгер­лер қатыса алады. Олар­дың жас мөлшері шектелмейді. Ұсыны­латын әндер бұрын-соңды орындал­маған және жарияланба­ған жаңа шығарма болуы тиіс. Әндер кез келген жанрда қабылданады. Авторлар екі аталымға да бір немесе бірнеше шығар­ма жіберуіне болады. Үміткер өз туын­ды­сын CD + (дауыспен), CD — (дауыс­сыз) жазыл­ған түрін, бұған қоса екі дана әннің нота­сын, екі дана мәтінін (басылымын көрсетіп) 15 тамызға дейін «Айбергенов әлемі» журналының ре­дак­­ция­сына жолдауы керек. Жеңім­паз атан­ған шығармалардың орын­даушы­лары туындыларын Т.Айбер­геновтің 75 жылды­ғына арналған «Бір тойым бар» деген шарада орындай­ды.

Онда бірінші аталым бойынша бас жүл­­деге — 500 мың, бірінші орынға — 300 мың, екінші орынға — 200 мың, үшінші орынға — 100 мың теңге. Екінші аталым бойынша бірінші орынға — 300 мың, екін­ші орынға — 200 мың, үшінші орынға 100 мың теңге жүлде тағайын­да­­лып отыр.

Ұйымдастырушылар сондай-ақ Т.Ай­бер­генов өлеңдерін мәнерлеп оқу бойын­ша да мектеп оқушылары ара­сын­да бай­қау жариялап отыр. Онда бірін­ші орынға — ноутбук, екінші орын­ға — теледидар, үшін­ші орынға — ұялы телефон және ынталан­дыру жүлдесіне DVD, MP3-player, флешка тағы басқа сыйлықтар берілмек.

Перейти к новостям спорта