Т. Бекмамбетов Рим кинофестивалінің қазылар алқасы құрамына кірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Т. Бекмамбетов Рим кинофестивалінің қазылар алқасы құрамына кірді

Т. Бекмамбетов Рим кинофестивалінің қазылар алқасы құрамына кірді

Белгілі режиссер, сценарист әрі продюсер Тимур Бекмамбетов Рим кинофестивалінің әділ қазылар алқасы құрамына кірді, деп хабарлады РИА Новости.

  • 1 Қараша 2012
  • 354
Фото - Caravan.kz

Бекмамбетовтен басқа қазылар алқасының құрамына ирандық актриса Лейла Хатами, Эдинбург халықаралық кинофестивалінің көркемдік жетекшісі Крис Фудживара, аргентиналық жазушы әрі сценарист Эдгардо Козаринский, австралиялық режиссер П.Дж.Хоган, сондай-ақ итальяндық актриса Валентина Черви кіреді. Жас американдық режиссер Джефф Николс қазылар алқасының төрағасы болады.

Жетінші Рим кинофестивалі 9-17 қараша аралығында «Аудиториум» киноконцерт кешенінде және Италия астанасының басқа да мәдени орындарында өтеді. Негізгі конкурсқа 15 картина қатысады.

Соңғы жаңалықтар