Бекмамбетовтен басқа қазылар алқасының құрамына ирандық актриса Лейла Хатами, Эдинбург халықаралық кинофестивалінің көркемдік жетекшісі Крис Фудживара, аргентиналық жазушы әрі сценарист Эдгардо Козаринский, австралиялық режиссер П.Дж.Хоган, сондай-ақ итальяндық актриса Валентина Черви кіреді. Жас американдық режиссер Джефф Николс қазылар алқасының төрағасы болады.
Жетінші Рим кинофестивалі 9-17 қараша аралығында "Аудиториум" киноконцерт кешенінде және Италия астанасының басқа да мәдени орындарында өтеді. Негізгі конкурсқа 15 картина қатысады.