Т. Нұрқалиев балет әртістерінің XII Халықаралық байқауына қазылық етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Т. Нұрқалиев балет әртістерінің XII Халықаралық байқауына қазылық етеді

Т. Нұрқалиев балет әртістерінің XII Халықаралық байқауына қазылық етеді

2013 жылдың 10-19 маусымы аралығында Мәскеуде, Ресейдің Үлкен театрында балет әртістері мен хореографтардың XII Халықаралық байқауы өтеді, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

  • 10 Маусым 2013
  • 588
Фото - Caravan.kz

Байқау әлемдік балеттің ажырамас бір бөлігіне айналды. Балет әртістері мен хореографтардың XII Халықаралық байқауының қазылар алқасының құрамына хореографиялық өнердің танымал қайраткерлер шақырылды. Олардың қатарында ҚР еңбегі сіңген өнер қайраткері, «Астана опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Нұрқалиев те бар. Бұл оның байқауға қатысушылардың өнерін алғашқы бағалауы емес.

Халықаралық байқаудың қазылар алқасының жыл сайынғы төрағасы КСРО халық әртісі, белгілі хореограф Юрий Григорович болып табылады.

Байқауда еліміздің намысын «Астана опера» балет театрының келешегінен үміт күттіретін жас солисті Әйгерім Бекетаева қорғамақ.

Перейти к новостям спорта