Жарияланды: 410

Т. Құлыбаев "Газпром" директорлар кеңесіне кандидат болып бекітілді

"Газпром" директорлар кеңесі директорлар кеңесіне 12 кандидатты бекітті, делінген компания хабарламасында.

Директорлар кеңесіне кандидаттар: Газпромбанк басшысы Андрей Акимов, Халық шаруашылығы академиясының ректоры Фарит Газизуллин, РФ үкімет төрағасының бірінші орынбасары Виктор Зубков, РФ президентінің халықаралық энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі бұрынғы арнайы өкілі Игорь Юсупов, "Газпром" басшысы Алексей Миллер. "Газпром" директорлар кеңесінен РФ Экономикалық даму министрі Эльвира Набибуллина және РФ Энергетика министрі Сергей Шматко кетеді. Кеңеске басқа жаңа кандидаттар И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің ректоры Виктор Мартынов, "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Тимур Құлыбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть