Жарияланды: 370

Т. Құлыбаев «Газпром» директорлар кеңесінің мүшесі болуға келісім берді

Т. Құлыбаев «Газпром» директорлар кеңесінің мүшесі болуға келісім берді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Тимур Құлыбаев ресейлік «Газпром» директорлар кеңесінің мүшесі болуға келісім берді.

«Мен келісім бердім, осыған байланысты сайлаудың өткенін күтемін»,- деді ол сейсенбі күні үкіметте селекторлық кеңестен кейін журналистерге. «Газпромның» кеңесі оның кандидатурасын қарауға тиіс. Бұрын хабарланғандай, ресейлік «Ведомости» газетінің мәліметінше, Т.Құлыбаев «Газпромның» директорлар кеңесінің құрамына кіруі мүмкін. «Газпромға» жақын дереккөздің айтуынша, компанияның директорлар кеңесіне қазақстандық «Самұрық-Қазына» егеменді қорының басқарма төрағасы және Назарбаевтың күйеу баласы 44 жастағы Тимур Құлыбаев кіруі мүмкін, Қазақстандағы ең дәулетті бизнесмендердің бірі (Forbes оның байлығын $1,3 млрд-қа бағалап отыр) «Қазақойл», «Қазтрансойл» және «Қазмұнайгаз» мұнай-газ компанияларында басқарушылық қызметтер атқарған», - деп хабарлады 23 мамыр күні орыс басылымы. Еске сала кетейік, 2011 жылдың наурыз айында РФ президенті Дмитрий Медведев мемлекеттік компаниялардың директорлар кеңесінен шенеуніктерді алып тастап, оларды тәуелсіз директорлармен алмастыруды талап еткен болатын. Үкімет басшысының орынбасарлары мен федералдық министрлер бәсекелестік ортада жұмыс істейтін компаниялардың директорлар кеңесінен 1 шілдеге дейін кетуге тиіс. Шенеуніктердің директорлар кеңесінен кетуі Ресейдегі инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі кең көлемді бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Осылайша, президенттің тапсырмасына сәйкес, «Газпромның» директорлар кеңесінен 1 шілдеге дейін министрлер Сергей Шматко мен Эльвира Набиуллина, ал 1 қазанға дейін кеңестің төрағасы, вице-премьер Виктор Зубков кетеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть