Т. Құлыбаев «Газпромның» Директорлар кеңесіне мүшелікке өтті
|
“Самұрық-Қазына” қорының төрағасы Тимур Құлыбаев Ресейдің ең ірі энергетикалық компаниясы - «Газпромның» Директорлар кеңесіне мүшелікке өтті. Бүгін компания басшылығы Құлыбаевтың кандидатурасын мақұлдағандарын мәлімдеді.
Ресей президентінің тапсырмасымен компанияның Директорлар кеңесінен энергетика мен экономикалық даму министрлері шығарылған болатын. Босаған орындарға “Газпром” акционерлері Құлыбаев пен Ресейдегі Мемлекеттік қызмет жөніндегі академияның ректоры Владимир Мауды бекітіп отыр. Жаңа директорлар қызметке алдағы қазан айынан бастап кіріспек.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін