Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен «БТА Банк» АҚ-ы келісімге қол қойды
Бүгін Алматыда Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен «БТА Банк» АҚ-ы «БТА-дан стипендия» қайырымдылық жобасы аясында ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды. |
Қайырымдылық жобасы биылғы жылдың мамыр айында жасалынды, енді оқу орынға банктің бастамасымен енгізілмек. Аталмыш жоба аясындағы банктің стипендиясы халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен жағдайы нашар отбасындағы студенттерге арналған.
Стипендияның көлемі айына 20 мың теңге, яғни әр оқу жылында студент 200 мың теңге алып тұратын болады. Студент қаражатты БТА Банкінің төлем карточкасымен алатын болады. Әзірге стипендия Қазақ экономикалық университетінің бір ғана студентіне тағайындалды.
Аталмыш оқу орнының ректоры Али Әбішевтың айтуынша, бұнымен қатар, университетте студенттерді әлеуметтік қолдау бойынша депутат Нұртай Сабильяновтың 4 стипендиясы, университет гранттары, сонымен қатар, жетім балаларға арналған арнайы стипендия бар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін