Т. Сүлейменов: Италия - Қазақстан экономикасының ірі инвесторы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Т. Сүлейменов: Италия - Қазақстан экономикасының ірі инвесторы

Т. Сүлейменов: Италия - Қазақстан экономикасының ірі инвесторы

Италия Қазақстан экономикасының ірі инвесторы болып табылады. Бұл туралы бүгін Астанада Өндірістік және экономикалық ынтымақтастық бойынша Италия-Қазақстан үкіметаралық жұмыс тобының 6-отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті.

  • 27 Мамыр 2011
  • 462
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан экономикасына 1994 жылдан бері Италиядан түскен тікелей инвестициялардың көлемі 5,3 млрд. АҚШ долларына жетті»,-деді Т. Сүлейменов.

Вице-министрдің келтірген мәліметтеріне сәйкес, елде шамамен италиялық капиталдың үлесі бар 140-тан астам бірлескен кәсіпорын тіркелген. Олардың дені өңдеуші өнеркәсіп, мұнай-газ секторы, сауда, құрылыс, жалға беру және кәсіпорындарға қызмет көрсету салаларында жұмыс істеуде.

«Қазақстанда шетел инвестицияларының іске асырылуына жағымды жағдайлар жасалғандығын атап өткім келеді. Біз кәсіпкерлік ортаны жақсарту бағытында дәйекті түрде жұмыс жасап келеміз. Соның ішінде елдегі салықтық, рұқсатнамалық, бақылау-ревизиялық жүйелерді оңтайландыру бойынша шаралар жасалуда»,-деп атап өтті вице-министр.

Италиялық тарап өз кезегінде екі ел арасындағы сауда айналымы 2010 жылы 3,4 млрд. еуродан асып түскендігін атап көрсетті. Отырыста Италияның Экономикалық даму вице-министрі Стефано Салья, Қазақстан алдағы уақытта да Италияның сауда саласындағы стратегиялық серіктесі болып қала беретіндігін мәлім етті.

Италия мен Қазақстан мемлекеттерінің әріптестігі 2009 жылы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Италияға ресми сапары кезінде беки түсті. Сол кезде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылған болатын.

Соңғы жаңалықтар