«Алматы облысы жастар ресурстық орталығы» директорының мәндетін атқарушы Досалы Балжан Ерболқызы жастардың табиғатты аялау, қорғау бойынша атқарып жатқан орасан еңбегі жайлы Caravan.kz медиа порталының тілшісімен әңгіме өрбітті.
— Балжан Ерболқызы, қоршаған ортаны аялау, қорғау бойынша жастарға жұмыспен қатар, атқарылған жұмыстар жайлы кеңірек тоқатлыңызшы…
— Табиғатты қорғау – әрбір адамзаттың борышы. Оны жас балаға дейін ұғындыру, ұқтыру азаматтық борышымыз десем қателеспеймін. Еңбектеген баладан, еікейген қарияға дейін табиғатымызды аялау, өзімізді сыйлау деп білемін.
Қазіргі кезде әлем бойынша экология мәселесі нашарлап кетті. Оны ластайтын да, қорғайтын да өзіміз. Табиғатты қорғау, сақтау баршамыздың қолымызда. Күллі адамзат табиғатты құрмет тұтады. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан, табиғат адам үшін асыл ана, асыл қазына. Өйткені, адам баласы табиғаттың тіршілігінде өсіп-өніп, жетілген. Табиғат — ырыздықтың, ырыс пен мол қазынасының қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Табиғаттың ластануы үлкен — мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат — сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап, ластануда. Соның салдарынан адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. "Бір тал кессең, он тал ек", "Жер құтты болса, мал сүтті болады"-демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал, жасыл желек. Егер осы мәселе қаралмай қала берсе, төңірек ластанып кетеді.
Осындай ластанудың, табиғатты бұзылудан қорғауды қолға алып, түрлі тақырыптар бойынша көптеген іс-шаралар өткізіп, қыруар жұмыстар атқарып келеміз.
Атап өтер болсам, Алматы облысы бойынша мың екі жүз адамды жұмыспен қамтыдық. Оның ішінде, жағдайы төмен отбасылар, көп балалы отбасыдан шыққан балалар бар.
«Таза ауа», «Таза Қазақстан», «Таза Әлем» атты түрлі тақырыпта мыңға жуық іс-шаралар үш ай ішінде атқарылды.
Мұндай бағдарламаны жыл сайын өткізіп отырамыз. Бағдарлама аясында әрбір жұмысшыны толықтай бастан аяқ киіммен қамтамасыз етеміз. Және де 70 мың теңге жалақы беріледі. Яғни, ай сайын жұмысқа келген жастардың шотына жалақылары жеке шоттарына аударылып отырады.
Жұмысқа қамтылатын жастардың жас аралығы 16-35 жас аралығын қамтиды. Осы тұста айта кететін жайт, 16 жастағы балалар тек ата-ананың рұқсатымен, нотариалды түрде бекітілген анықтама арқылы жұмысқа қабылданады. Бәрі заңды түрде жүзеге асады.
Адамзат өркениеті күрделене түскен сайын біздің планетамыздағы экологияның жағдайы да тез нашарлады.
Генофонд тез нашарлайды. Бірнеше ғасырлар бойы өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің саны өте тез азайып келеді. Біз қазірдің өзінде тоғыз жүз мыңға жуық түрден айырылдық және бұл көрсеткіш өсуде. Адам өзінің қажеттіліктері мен қажеттіліктеріне сүйене отырып, тірі организмдердің табиғи ортасын бұзуды жалғастырады, ормандарды кесіп тастайды, су объектілерінің санын азайтады, өзендердің табиғи арналарын өзгертеді және т.б. Планета біздің анамыз деп айту артық айтқандық емес. Ол бізді тамақтандырады, суарады, киіндіреді, жайлылық береді. Бірақ осы артықшылықтардың барлығын пайдалана отырып, адам өзінің негізгі қазынасына қамқорлық жасап қана қоймай, оны аяусыз құртады. Бүгінгі таңда қоршаған ортаның ластануын болдырмауды жақтайтын және көптеген мәселелерді шешуге бағытталған көптеген халықаралық ұйымдар бар. Шешудің көптеген жолдары бар, бірақ тар шеңберде бұл әдістер жұмыс істемейтінін түсіну керек.
Жер бетіндегі барлық кәсіпорындар экология мәселелерімен айналысуы керек. Егер біз ормандарды кесуді тоқтата алмасақ, көп ұзамай жасыл кеңістіктің көп бөлігі жойылады. Дүниежүзілік мұхиттың ластануы жаһандық катаклизмдерге, жаппай ауруларға және өлім-жітім деңгейінің жоғарылауына әкеледі.
Сондықтан, кәсіпорындарға экологиялық қызмет көрсету әр адам мен бүкіл жер үшін маңызды рөл атқарады.
Қазіргі уақытта біз бұл трагедияның алғышарттарын байқай аламыз. Егер, қалдықтарды кәдеге жарату қағидаттары жетілдірілмесе және жүйеленбесе, қосымша энергия көздері табылмаса және ядролық қару жойылса, Жер планетасындағы одан әрі бейбіт және салауатты өмір туралы айту мүмкін емес!
Сонымен қатар, Балжан Ерболқызы алдағы жоспарларымен бөлісті:
— Бүгінгі таңда Алматы облысының жастар саясатының дамуына, қоғамдық жұмыстарда белсенді жұмыс жасап келеміз.
Алдағы жылға жоспар: мың бес жүз жасты жұмыспен қамтимыз деген үлкен жоба бар. Көптеген іс-шараларды өткізу арқылы, тақырып аясын кеңейту. Мақсатамыз жылдағыдан жұмысшы ауқымын арттырып, еліміздің, қоршаған ортаның тазалығына баса мән беру, бар күш-жігерімізбен табиғатымыздың гүлденуіне барынша үлес қосу.
Алматы облысы бойынша:
«Таза әлем – Таза Табиғат» акциясы өтті
“Экоплогинг” жобасы аясында Алматы облысының “Жасыл ел” еңбек жасақшыларымен бірге Қонаев қаласында қоршаған ортаны қоқыстан тазартты.
Табиғат сақшылары жағажайдың маңындағы қалдықтардан тазартып, қызу түрде жұмыс атқарды.
Эко шарасы аясында жастар қоршаған ортаны қоқыстан аршып, өзгелерге үлгі көрсетті.
Қоқыс толы қаптар арнайы орынға шығарылды
Сонымен қатар, Талғар ауданы жастарының да көрсеткен үлесі орасан зор. Бұл жерде облыс бойынша, жоғарыда атап өткенімдей барлық жерде үлкен шаралар жүргізіліп, орасан зор шаруалар атқарылды. Бірінен-бірін өліп жара алмаймын.
Жастарға айтар алғысым шексіз! Қанаттарың талмасын!, деп Балжан Ерболқызы жастарға ыстық лебізін білдірді.