Табиғи монополия субьектілері жыл аяғына дейін бағаны қымбаттатуға мораторий жариялайды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Табиғи монополия субьектілері жыл аяғына дейін бағаны қымбаттатуға мораторий жариялайды

Табиғи монополия субьектілері жыл аяғына дейін бағаны қымбаттатуға мораторий жариялайды

Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің реестеріне енгізілген табиғи монополия субьектілері жыл аяғына дейін бағаны қымбаттатуға мораторий жариялауға шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін, 5-мамырда ҚР табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысынан кейін журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Мамыр 2005
  • 541
Фото - Caravan.kz

«Біз агенттіктің қарамағындағы барлық табиғи монополия субьектілерімен кеңес өткіздік. Сол бас қосудың қорытындысы бойынша осындай шешім қабылданды»,- деді Б.Сағынтаев.

Сонымен қатар оның айтуынша, бүгін, 5-мамырда «Қазақстан ТемірЖолы» ҰК-ның магистралдық темір жол желілері арқылы жеміс-жидек, көкөніс және ет өнімдерін тасымалдау қызметіне 50 проценттік арзандату коэффицентін қолдану туралы бұйрыққа қол қойылды. «Біздің есебіміз бойынша,бұл қадам азық-түлік өнімдерін тасымалдау құнын 25 процентке арзандатуға жағдай жасайды»,- деді агенттік төрағасы. Арзандатылған баға мен мораторий жылдың аяғына дейін сақталады.

Перейти к новостям спорта