Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидалары туралы келісім мақұлданды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидалары туралы келісім мақұлданды

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидалары туралы келісім мақұлданды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

  • 8 Маусым 2011
  • 336
Фото - Caravan.kz

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде жасалды.

Келісімнің мақсаты табиғи монополиялар субъектілері іске асыратын қызметтердің қолжетімділігін, Тараптар мемлекеттерінде табиғи монополиялар субъектілерінің жұмыс істеу және даму тиімділігін қамтамасыз ететін тұтынушылар, табиғи монополиялар субъектілері және қоғам мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету және олардың негізінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу саласында Тараптардың ұлттық заңнамасын үйлестіру үшін Тараптар мемлекеттерінің табиғи монополиялар субъектілері қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттарын және ортақ қағидаларын қалыптастыру және белгілеу үшін құқықтық негіздер құру болып табылады.

Осы Келісім Тараптар мемлекеттері арасындағы саудаға ықпал ететін табиғи монополиялар салаларында Тараптар мемлекеттерінің табиғи монополиялар субъектілері, тұтынушылары, атқарушы билік органдары және жергілікті өзін өзі басқару органдары қатысатын қатынастарға қолданылады. Тараптар мемлекеттері осы Келісімде белгіленген табиғи монополияларды реттеудің ортақ қағидаттары мен қағидалары негізінде Тараптар мемлекеттерінің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің түрлерін (нысандарын, тәсілдерін, әдістерін, құралдарын) қолданады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар