Табиғи монополияларды реттеу агенттігі кәсіпорындарға нормативтен тысқары шығындарды жоюды заңмен міндеттеуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі кәсіпорындарға нормативтен тысқары шығындарды жоюды заңмен міндеттеуді ұсынады

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі кәсіпорындарға нормативтен тысқары шығындарды жоюды заңмен міндеттеуді ұсынады

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі кәсіпорындарға нормативтен тысқары шығындарды жоюды заңмен міндеттеуді ұсынады. Бүгін парламентте өткен "үкімет сағаты" кезінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Нұрлан Алдабергенов осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Мамыр 2008
  • 381
Фото - Caravan.kz

Қазір салалық реттегіштердің іс-қызметіне қатысты мәселелер бойынша заң жобасы жасалуда, онда кәсіпорындарға нормативтен тысқары шығындарды жоюға бағытталған шараларды дәйектеуді міндеттейтін норма қарастырылады», -деді Н. Алдабергенов.

«Сіздерден өтінеріміз : біз кешікпей сіздерге келіп, заңда нормативтен тысқары шығындардың болғаны үшін жауапкершілік қарастырумыз қажет», -деді ол.

Н. Алдабергеновтың мәліметінше, қазір нормативтен тысқары шығындардың деңгейі «электр желілерде 20%, жылу желілерінде — 30% жетеді».

«Мәселен, тек қана бес ірі табиғи монополиялық субьектінің электр желілерінде нормативтен тысқары шығындардың жалпы көлемі 1 млрд 800 млн теңгеден асады», -деді ол.

Алты ірі табиғи монополиялық субьектінің жылу желілеріндегі нормативтен тысқары шығындардың жалпы көлемі «2 млрд 850 млн теңгеден асады».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті