Ол экономиканың өсімі мен мемлекеттік қаржы балансын жақсартуға бағытталған дейді сарапшы Айбар Олжаев. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы жалғастырады.
Сарапшының жазуынша, табысы аз адамдар үшін әділдік орнады.
«Яғни, табысы аздар жеке табыс салығын аз төлемек. Орта көпшілік үшін ЖТС мөлшерлемесі өзгермей, қазіргі 10% деңгейінде қалады. Ал айлық табысы 3 млн теңгеге жақын немесе одан асатын азаматтар үшін мөлшерлеме 15%-ға дейін өседі. Байлар салықты көбірек төлемек», — деп жазды сарапшы.
Онымен бірге, қаптап кеткен салықтық шегерімдер орнына 30 АЕК көлемінде бірыңғай базалық шегерім енгізіледі. Бұл шара да табысы азаматтарға тиімді. Сондай-ақ шағын бизнес бухгалтерлерін артық құжат жинаудан босатады, салық органдарымен жұмыс істеуді жеңілдетеді.
Ірі компаниялардың ИП-лар арқылы салық төлеуден енді қаша алмайды. Себебі жалпыға бірдей режимде жұмыс істейтін салық төлеуші «арнайы режимдегі» кәсіпкерден тауар/қызмет сатып алса, ол шығысты шегерімге жатқыза алмайды.
«Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа режим ең оңай, басты ауыртпайтын механизммен жұмыс істемек. Енді 4% мөлшеріндегі бірыңғай төлем арқылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ табысын растауға, зейнетақы мен әлеуметтік сақтандыруға қол жеткізуге болады», — деп жазды ол.
Бастысы, фермерлер үшін арнайы режим сақталады. Бірыңғай жер салығының жойылуы мен 0,5% ЖТС енгізілуі есепті жеңілдетеді және ашықтықты арттырады.
Және бітпейтін тексерістер қысқарады. Үлкен деректер және цифрлық шешімдер қолданылып, салық төлеушілер өздігінен салалық коэффициентті сақтаса, қосымша тексерулерден құтылады.
«Жаңа салық кодексіне ақырындап бейімделеміз. Басында ия, біршама түсінікпеушілік болса да, түбі бұл реформа елімізді тұрақты етпек», — деп жазды сарапшы.