Таэквондодан Қайрат Рысқұлбеков атындағы турнир өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таэквондодан Қайрат Рысқұлбеков атындағы турнир өтті

Таэквондодан Қайрат Рысқұлбеков атындағы турнир өтті

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жерұйық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Мұстафа Өзтүрік атындағы таэквондо орталығында  ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай Халық қаhарманы Қайрат Рысқұлбековты еске алуға арналған жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы таэквондадан республикалық ашық турнирі болып өтті.

  • 30 Қараша 2016
  • 598
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Халық қаhарманы Қайрат Рысқұлбековтың туған бауыры, «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Рысқұлбеков,  Мұстафа Өзтүрік атындағы таэквондо орталығының президенті, қара белбеу бесінші дан иегері Қайыр Мейірбеков, «Ұлы желтоқсан – 1986 көтерілісі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлнар Лепесбаева және желтоқсан оқиғасына қатысушы Несіпгүл Шөкейлер аталған шараның маңыздылығына тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәт-сапар тіледі. Аталған шараға сондай-ақ желтоқсандықтар, «Қайсар жүрек» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, Аманқұлов Құттыбек және Қашағанов Нұрлыбек, найб имам Қасымхан Қалдыбайұлылар қонақ ретінде қатысты. Ал Мұстафа Өзтүрік атындағы таэквондо орталығының директоры Қайрат Қырғызбаев, Бауыржан Момышұлы спорт клубының директоры Мәлік Шаншарбеков, жарыстың бас төрешілері Дәурен Алғабаев пен Айбол Рысмендиев және де Мұстафа Өзтүрік атындағы таэквондо орталығының ұжымы мен «Жерұйық» қоғамдық бірлестігінің өкілдері турнирдің сәтті өтуіне атсалысты.

Осы спорттық шара барысында Халық қаhарманы Қайрат Рысқұлбековтың рухына бағышталып ас беріліп, наиб-имам Қасымхан Қалдыбайұлы құран бағыштады. Турнир жеңімпаздарына дипломдар, кубоктар мен медальдарды желтоқсандықтар табыс етті.


Соңғы жаңалықтар