"Тағдырымен, мұң-қасыретімен қабылдаған адам": Әлия Құдайберген Асанәлі Әшімовтың екінші әйелі туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тағдырымен, мұң-қасыретімен қабылдаған адам": Әлия Құдайберген Асанәлі Әшімовтың екінші әйелі туралы

"Тағдырымен, мұң-қасыретімен қабылдаған адам": Әлия Құдайберген Асанәлі Әшімовтың екінші әйелі туралы

Танымал журналист Әлия Құдайбергенова Асанәлі Әшімов пен оның екінші жары туралы құпиясымен бөлісті.

  • 26 Желтоқсан
  • 10
Instagram/Әлия Құдайбергенова

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист бұл туралы өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Жалпы сезген емес, көрген дүниеңді айту да парыз. Бәрін бірдей түгел білмесем де білетінім мынау: Бағдат апай Асанәлі ағаны тағдырымен, мұң-қасіретімен қабылдаған адам. Және ол кісі соңына дейін сол мақсатта қызмет етті, ағаға. Ұлы Олжас пен қызы Сағинаны (3-суретте) да, Мәди мен Сағиынан қалған ұрпағынан туған немере, шөберелерін де бауырына басты, өзінен туған ұлы Асанәлісінен (Асекасынан) кем көрген жоқ. Олардың бәрін өзімсінді. Ал марқұм Майра апайды үнемі “Майра әпке” деп, әруағын сыйлап, қадірледі. 

Қит етсе бәрінің басын жиып, орталарындағы бауырмалдық пен сыйластығын нығайтты. Немерелерінен бөлек, әр шөбересі дүниеге келгенде елден сүйінші сұрап, құшағына басып, салты мен жоралғысын жасап жүрді. (апайдың парақшасындағы суреттер дәлел) Әке мен баланың, ата мен немеренің арасындағы алтын көпір бола білді. Олар да Бағдат апайды жақсы көрді, құрметтеді. Әлі де солай. Бұл үлкен жауапкершілік. Дәл менің қолымнан келмес еді, мысалы… 

Соның дәлелі, кеше… Асанәлі ағаны шығарып салғанда да Бағдат апайдың жанында Сағинасы тұрды қолынан ұстап, басу айтып, қосыла жылап. Немерелері, келіндері тұрды қаумалап. Жұрт танымаған соң мән бермеген шығар. “Ұлы мен қызын неге көрсетпеген?” дегенді оқып қап жатырмын, кешелі бері. Оны ешқашан жасырған емес. Бағдат апай әр сұқбатында (егер сұқбат алушы сұраса) ашық айтып жүрді. Жасыратын несі бар, оның?!

Бүкіл әулеті апайды қадірлейді (менің көргенім осы). Өйткені ол кісі ағаның қасіретін сол ұрпағының, ағайын-туысының ауызбіршілігімен көмкеріп, ол кісіні сәт сайын қуантқысы келді деп ойлаймын. Жүрегіне тағы да мұң артқанын қаламады. Сөз басында “мұң-қасіретімен қабылдады” дегенім осы еді. Сондықтан көз жетпеген нәрсені сөз етудің де қажеті жоқ шығар?! Апайға кешегі өткен 800 адам жиналған аста сөз берілді. Есімде қалғаны (дәл сөзбе сөз болмауы мүмкін): “…Аске, рухың шат болсын. Әшімевтер әулетіне әлі де қызмет ете беремін” деді.
Бұл оңай сөз емес…», — деп жазды ол.

Перейти к новостям спорта