Тағаттылық тақырыбы бойынша карикатурашыларға бәйге жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тағаттылық тақырыбы бойынша карикатурашыларға бәйге жарияланды

Тағаттылық тақырыбы бойынша карикатурашыларға бәйге жарияланды

Қазақстан Гёте-институты мен Сорос-Қазақстан қоры тағаттылық (толеранттылық) тақырыбына арналған карикатура бәйгесін жариялады.

  • 18 Қыркүйек 2013
  • 428
Фото - Caravan.kz

Оған 18-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын кәсіби және әуесқой суретшілер қатыса алады. Үміткерлер өз өтініші мен бәйгеге арналған жұмыстарын 14 қарашаға дейін compcaricatures@gmail.com  электронды мекенжайына жіберуіне болады. Жұмыстар  JPG түрінде қабылданады және олардың біріккен көлемі  3 Mb-тан аспауы қажет. Бір үміткер бес суретке дейін жібере алады. Жүлде қоры 5 мың АҚШ долларын құрайтын бұл бәйгеде карикатуралардың әлеуметтік маңыздылығы, сонылығы және жаңашылдығы бағаланады. Екі кезеңнен тұратын бірінші сатысында кейін жартылай финалға өткен қатысушылар үшін Германиядан келген және қазақстандық карикатурист-суретшілермен шеберлік сыныбы ұйымдастырылады. Ал бәйге жеңімпаздары екінші сатыда анықталады. Сонымен қатар бәйгеге  ұсынылған жұмыстардың көрмесі өткізіліп, пікірсайыс ұйымдастырылады.   


Қазіргі заманғы көп қырлы әрі өзара тәуелді әлемдік қауымдастық бізден өзара қарым-қатынас үшін жаңа тағаттылық жолдарын іздеу қажеттілігін талап етуде. Аталмыш мәселеде карикатура ең оңды көркем құрал болып табылады. Өйткені ол нақты болмыстың әсіреленген бейнесіне өзінше баға бере алады. Жалпы көрермен қауым карикатура арқылы берілген күрделі сұрақтарды жеңілірек қабылдайды.

Перейти к новостям спорта