Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы "қызыл", "сары" және "жасыл" аймақтар туралы ақпарат жариялады, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймаққа Батыс Қазақстан облысы кірді.
16 наурыздағы жағдай бойынша:
"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы және Батыс Қазақстан облысы тұр.
"Сары" аймақта Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары.
Қалған өңірлер "жасыл" аймақта.